Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай бойжеткендері қыпша белін А4 форматтағы қағазбен өлшеп жарысып жатыр

Қытай жерінде кәдімгі whatsapp баламасы – Weibo желісінде жаңа үрдіс белең алып барады. Қазір мұндағы бойжеткендер белдерінің қаншалықты жіңішке екендігін көрсету үшін оны A4 форматтағы қағазбен жауып тұрып, түскен суреттерін жарыса жариялап жатыр.

_5958224e-eb51-11e5-805c-cca8aa42d510

Сурет: www.hindustantimes.com 

Олар мұны Weibo-да #A4waist хештегін қойып жасаған. Енді бұл тренд Instagram-ға кірушілерге «жұққан». Бұл үрдістен мезі бола бастаған өзге жұрт оларды келеке етіп түскен түрлі суреттерін қалыспай жариялауда.

Ал тап сол кезде Қытайдағы ер адамдар бас бөлігін A4 қағазымен жауып түскен суреттерін ғаламторға «жаудырды». Олар осы арқылы қыпша белді қыз-келіншектердің ақыл-ойы да тар болатындығын білдіргісі келіпті

Талқылау