Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай билігі экологиялық таза әдіспен жерлеу рәсімін жасауды ұсынды

Қытай үкіметі қала тұрғындары қайтыс болған азаматтарды экологиялық таза әдіспен жерлеуі үшін шаралар кешенін қабылдамақ.

Безымянный

Сурет j-iluhina.livejournal.com

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Қытай билігі бұл қадамға жердің жетіспеуі және қоршаған ортаны таза қалпында сақтау үшін барып отыр. Бейжіңнің азаматтық әкімшілік басқармасы хабарлағандай, тұрғындар барынша кіші көлемдегі жерлеу молаларын таңдап экологиялық таза жерлеуді жүзеге асыруы тиіс.

Бес жылдық жоспарға сай жерлеу қызметіне Бейжің билігі төрт мың юань ұсынады. 2015 жылы бұл қалада жерлеудің 46 пайызы экологиялық таза тұрғыда өткен. Қала билігі бұл көрсеткішті 2020 жылы 50 пайыздан асыруды көздейді. Ал мұндай әдіспен жерлеу рәсімін жасамағандар арнайы ережеге сай жазаланады.

Талқылау