Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай азаматы жасырын түрде сағыздың көмегімен әйелінің адалдығын тексерген

 

Қытайдың Ухань қаласының тұрғыны ұлының өзіне ұқсамағанына күмәнданып, оның өз баласы екеніне көз жеткізу үшін сағыз арқылы анықтаған.

in_article_df9b63a8ea

Сурет ridus.ru сайтынан алынды

18 жастағы ұлының бойы ұзын, келбетті болып өскен. Ал, әкесінің бойы аласа, шағын денелі екен.

Әкесі әйелімен ұлы шайнаған сағыздарды жинап, ДНК тексеретін зертханаға тапсырған.

Лабороторилық анықтамаға сәйкес бала оның өз ұлы болып шыққан. Мамандар ұлының бойы ұзын болуын оның жақсы тамақтанып, спортпен айналысуымен байланыстырған.

Қытай азаматы бұл әрекетін жасырын жүргізгісі келсе де, бұл жайт көпшілікке жария болып кеткен. Енді оған әйелінің алдында ақталуға тура келеді.

Талқылау