Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай азаматы «Эйр Астана» жолаушысының 280 мың теңгесін ұрлап алған

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында Қытай азаматы Рау Джонг Чжау Алматы қаласының «Эйр Астана» әуежайының жолаушысының сөмкесінен 280 000 теңге ұрлағаны үшін айыпталып, қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.

naruchniki4

Ағымдығы жылдың қазан айында Алматы қаласының «Эйр Астана» әуежайының «Боинг-757» ұшағының жолаушысы ұйықтап жатқан кезін пайдалана отырып 280 000 теңге ұрлап алған.

Ұшып келген соң шетелдің азаматы Алматы қаласының әуежайында ішкі істер қызметтерлерімен ұсталған.

Сот үкімі Рау Джонг Чжау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 бабы 1 бөлігіне (ұрлық) сәйкес қылмыстық іс жасағаны үшін тоғыз ай бас бостағынан айырып, жазасын жалпы режімде өтеуін тағайындады.

Сонымен қатар сотталушының мүлкі тәркіленді.

Үкім заң күшіне енген жоқ.

Талқылау