Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық ұшақтың жүк бөлігіне жасырын кіріп, 9 сағат бойы ұшып барған

ҚХР-ның 16 жастағы азаматы Сюй Дубайға барып жұмыс істеу үшін ұшақтың жүк бөлігіне жасырын кіріп алған.

pic_c2a7521042dca947fa77e9d9bb9e0ba9 (1)

Сурет: Chengdu Economic Daily

Полицейлер Шанхайдан мінген Сюйді Дубай әуежайында Emirates компаниясының А380 ұшағының жүк бөлігінде 9 жарым сағаттан кейін ұстаған. Қытайдың әуежай бөлімі жігіттің 25 мамыр күні әуежай қақпасынан жасырын өтіп, ұшаққа кіріп алғанын мәлімдеген. Сюйге депортация мен Араб әмірлігене кіруге тыйым салу қаупі бар.

Жігіттің айтуынша, ол Дуайға ақша табу үшін келген. Ол бұл елде жыл сайын сырттан келгендердің 10 мың доллар ақша табатынын естіген екен. Және мұнда сотталғандарды да жақсы қабылдайды деп естіген.

Соңғы уақыттарда ғаламторда Дубайда күніне 2 жарым мың долларға дейін ақша табуға болады деген әңгімелер көптеп жазылып кетті.

«Мен мұндай жалған ақпараттарға Қытай азаматтары сенбейді деп ойлаймын. Және БАӘ-де үй-күйсіз адамдарға қарсы заң бар, оларды тиісінше жазалайды», – дейді Дубайдағы Қытай елшісі Ма Сюйлян.

Талқылау