Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай азаматтары ажырасу үшін емтихан тапсыруға міндеттеледі

Қытайдың Цзянсу провинциясында ажырасқысы келетін ерлі-зайыптылар отбасының болашағы шешілетін арнайы емтихан тапсыратын болады.

Қытай азаматтары ажырасу үшін эмтихан тапсыруға міндеттеледі

Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады, жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Некені бұзғысы келетіндер өздерінің жұбайлары туралы 100 сұраққа жауап берулері тиіс. Атап айтқанда, тестте жұбайының туған күнін және сүйікті тағамын көрсету қажет. Сонымен қатар, билік органдары ерлі-зайыптылардың қанша рет бірге демалысқа барғанына, қарым-қатынасы қаншалықты ұзаққа созылғанына және үйде отбасының жауапкершілігін қалай бөлетініне қызығушылық танытады.

Егер тест тапсырушылар 60 пайыздан аса сұраққа дұрыс жауап берсе, азаматтық министрлікт ерлі-зайыптылардан өз шешімін қайта қарауды сұрайды. Ал, егер ерлі-зайыптылардың біреуі 60-тан төмен  сұраққа дұрыс жауап берген болса, онда некеге үлкен қауіп төніп тұр деп есептеледі.

Осы емтиханды тапсырған алғашқы жұпта әйелі 100 ұпай жинады, ал күйеуі бірде-бір сұраққа дұрыс жауап бермеген. Содан тестілеудің нәтижелерін тексерген қызметкерлер ажырасуға қатысты шешімді қайта қарауды талап етті.

Алайда, желі қолданушылары некені осындай жолмен сақтап қалу әдісін сынға алды және тестілеуді адамның жеке өміріне қол сұғушылық деп қабылдады.

Жергілікті азаматтық министрліктің айтуынша, сынақ ерікті болғандықтан, ерлі-зайыптыларға қысым көрсетілмейді.

Оқи отырыңыз:

Лотерея билетіне үйлену тойының күнін жазған әйел миллиардтаған ақша ұтып алды

Дене бітімі мінсіз модель керемет пішінді ұстап тұру үшін неден аулақ болу керектігін айтты (фото)

Жол полициясының қызметкері жаңбыр кезінде жұмысына жалаңаяқ шыққан (видео)

Адамзат үшін аса қауіпті әрі емі жоқ инфекция тіркелді

Талқылау