Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай ауданы 30 футбол алаңымен шамалас радиотелескопты іске қосты (видео)

Қытайда әлемдегі ең үлкен радиотелескоп жұмысын бастады. Диаметрі 500 метрге жететін телескоп таудағы шұңқырда орналасқан.

ыммы

Фото: 24news.com.ua

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

2011 жылы құрылысы басталған жобаға 180 миллион доллардан астам қаражат жұмсалды. Телескоп бетінің ауданы 30 футбол алаңымен шамалас. Өте сезімтал құрылғының көмегімен ғалымдар бұрын сезілмейтін радиосигналдарды тіркеуді көздеп отыр.

Сондай-ақ ол жер шарының қалай пайда болғаны туралы көбірек дерек жинауға септігін тигізеді. Жалпы соңғы кезде Қытайдың ғарыш бағдарламасы қарқынды дамып келеді. 2003 жылы Қытай алғаш рет ғарышқа өз адамын ұшырып, Кеңес Одағы мен АҚШ-тан кейін ғарышкерлері бар кемелерді өз күшімен кеңістікке шығарған үшінші елге айналды. Ал 2020 жылға дейін ғарышта өз станциясын салуды көздеп отыр.

Оқи отырыңыздар:

Мұғалім 5 жыл бойы кәмілетке толмаған 5 оқушымен секспен айналысып келген

Эквадорда трансгендерлер жұбының сәбиі пайда болды (фото)

Мұғалімі дәретханада киім ауыстырған бастауыш сынып қыздарын видеоға түсіріп келген

Талқылау