Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай археологтары ежелгі алып адамдардың сүйегін тапты

“Чжунго синьвэньван” порталының мәліметінше, ежелгі адамдардың бойы 1,9 метр болған.

Фото: © РИА Новости/Эмма Зиливинская

Қытай археологтары шамамен 5 мың жыл бұрын өмір сүрген алып адамдардың сүйегін тапты. Зерттеушілер сүйектердің Луншань неолит заманындағы адамдарға тиесілі екенін айтады. Айтуынша, ол адамдар өз заманында бұдан да ұзын болған. Ол замандағы адамдар көп тамақтанғандықтан ірі болған деген болжам бар.

Ғалымдар ежелгі адамдардың қолайлы өмір сүргенін айтады. Оған табылған заттар дәлел. Олардың жеке жатын бөлмесі мен арнайы бөлмелері болған.

Цзинань қаласында былтырдан бері қазба жұмыстары жүріп жатыр. Ғалымдар қазірдің өзінде 100-ден аса ғимарат пен 200-ден аса зират орындарын тапты.

Тағы да оқыңыз:

Қасқырлардың сирек кездесетін түрі: Олар мұхитта тіршілік етіп, суда еркін жүзеді (фото)

Қостанай облысында бойжеткен өзі оқыған мектепке миллион теңге сыйлады

13 ұлдың анасы қыз бала тумайынша бала көтере беретінін айтты (фото)

Талқылау