«Қыстыгүні жұмысқа велосипедпен» акциясында алматылықтар белсенділік танытқан
Алматы қаласының тұрғындары қыстың қақаған аязына қарамастан, «Қыстыгүні жұмысқа велосипедпен» акциясына қатысты.
Бұл туралы inform.kz хабарлады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы акцияға қатысушылардың саны былтырға қарағанда үш есе артқан.
Акцияның басты мақсатын: «Велосипедтің қыстың суығына қарамастан экологиялық таза көлік болып қалатынын дәлелдеу», – деп түсіндірді «Вело-Алматы» тобының мүшесі Тимур Жұрқашев.
Талқылау