Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыстауда бірнеше ер адам жабылып зорлаған әйелдің ісін прокуратура бақылауына алды

Ақтөбе облысы прокуратурасы ұрланып, зорлық көрген Н.А. туралы істі бақылауына алады, деп хабарлады Ақтөбе облысы прокуратура аппаратының басшысы Жасұлан Дәулембаев Facebook парақшасында.

Бұған дейін әйел адамның қараша айының соңында жоғалғаны хабарланған еді. 25 жастағы келіншек тұрмысқа шыққан, бір баласы бар екен. Әйелдің туыстары оның жүз шақырым жердегі қыстауда жүргенін анықтаған. Олар әйелді алып кету үшін қыстауға барғанда, келіншек жартылай жалаңаш күйде ес-түссіз жатқан. Әйелдің жанында бірнеше ер адам болыпты.

Келіншек әліге дейін өзіне келе алмай отыр. Ол көз жасына булығып отырып екінші күн қатарынан полициейлерге жауап беруде. Десе де оның жауабы әрқалай өзгеруде. Келіншектің сөзінше, өзін ұрлап кеткен адамдар сес көрсетіп, біреуге тіс жарса өлітіретінін айтқан. Олар келіншекті қараңғы бөлмеде қамап, зорлаған екен. Алайда біраз уақыт өткеннен кейін жәбірленуші өз сөздерінен бас тартып, ешкім зорламағанын айтқан. Десе де туыстары әйелді зорлағанына сенімді. Полиция қызметкерлері жауаптың бірнеше нұсқасын тексеріп жатыр. Аталған факті бойынша «Зорлау» және «Адам ұрлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қылмыстық іс бойынша әзірге қыстаудағы тракторшы тергеуден өтіп жатыр. Келіншек оны өзін зорлады деп айыптаған.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Серік Ибрагимов, Денис Тен мен Динара Сәдуақасова “Дарын” сыйлығын иеленді

Қостанайда түрмеден қашқан қылмыскер ұсталып қалды

Рудныйда зейнеткер кішкентай қызды зорламақ болғаны үшін тұтқындалды

Қарағанды тұрғыны әлеуметтік желіде фашистік белгіні насихаттағаны үшін сотталды

Талқылау