Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қысқы универсиадаға билет алған жанкүйерлер Алматының қақ ортасынан пәтер ұтып ала алады

Универсиада-2017 ойындарына билет сатып алған қазақстандықтар екі бөлмелі пәтерді және басқа да бағалы сыйлықтарды ұтып ала алады.

univer2

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

2017 жылы Алматы қаласында өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция Универсиадаға билет сатып алатын Қазақстан Республикасы азаматтары арасында жүлделерді ұтысқа салатындығы жөнінде хабарлайды. Универсиада аясында спорт жарыстарына, сондай-ақ, Ашылу және жабылу салтанаттарына билет сатып алған жасы 18-ден асқан Қазақстанның барлық азаматтары ұтысқа қатыса алады. Ұтыс кезінде сатып алынған билеттің бірегей 9 санды нөмірі ойналады.

Жүлделерді ұтысқа салу 2016 жылдың 20 желтоқсанында басталды және ол екі кезеңнен тұрмақ. Бірінші кезеңге 2017 жылдың 11 қарашасына дейін сатып алынған билеттер қатысса, екінші кезеңде 2017 жылдың 08 ақпанына дейін сатып алынған билеттердің барлығы қатысады.

Бірінші кезең аясында түрлі бағалы сыйлықтар – ноутбук, смартфон, планшет, тұрмыстық техника, сондай-ақ, 2017 жылы Саппорода өтетін Азия ойындарына 2 билет, ал екінші кезеңде супержүлде – Алматы қаласында екі бөлмелі пәтер ұтысқа салынады.

Ұтыс ойынының өтетін жері, күні мен уақыты Универсиада сайтында жарияланады. Ұтқан билет нөмірін анықтайтын ұтыс ойынына арнайы комиссия бақылау жүргізеді. Ұйымдастырушылар ұтыс өткізілген күннен бастап 30 күн ішінде жүлделерді алып кетуге болатындығын хабарлайды. Шақырту билеттері мен тегін берілген билеттер ұтысқа қатыса алмайды.

Алматыда өтетін Универсиада қала және оның тұрғындарының, қонақтарының өміріндегі жарқын оқиғаға айналмақ. Ұйымдастыру комитетінің Универсиада аясында жоспарлаған іс-шаралары арқасында қазақстандықтар айтулы спорт мерекесіне қатысып қана қоймай, сонымен бірге, Универсиадаға билет сатып алу арқылы сыйлықтар мен супержүлдені ұтып алуға мүмкіндік пайда болып отыр.

Билеттер Алматы (Б.Шолақ атындағы Спорт сарайы, Республика сарайы, Мемлекеттік цирк, Меломан кассаларында) және Астана (Хан Шатырдағы, «Керуен» сауда орталығындағы, «Мечта» сауда үйіндегі Меломан кассаларында, MyTown кеңсесінде) қалаларында сатылады. Алматының Розыбакиев көшесі бойындағы Mega Center Almaty сауда ойын-сауық кешенінде билет сатумен айналысатын ресми кеңсе ашылды. Сондай-ақ, билеттерді www.almaty2017.com, www.fisuticket.com, www.kassir.kz, www.biletiastana.kz сайттарында онлайн арқылы сатып алуға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: 8 ( 727) 313 23 25

Талқылау