Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада-2018: Юлия Галышева финалға шықты

 

Пхенчханда 9 ақпанда фристайл, мәнерлеп сырғанауден жарыстар басталды. Фристайлдың могул түрінен жарысқа қатысып жатқан қазақстандық Юлия Галышева әйелдер арасындағы сынның финалына шықты. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.

Галышева іріктеу жарысында 7-нәтиже көрсетті.

9 ақпанда Алматы уақыты бойынша таңғы 9-да ерлер арасындағы іріктеу жарысына қазақстандық Дмитрий Рейхерд шығады.

Айта кетейік, Пхенчхандағы қысқы олимпиадасының ресми ашылуы 9 ақпанда өтеді. Ойындар 25 ақпанда жабылады. Қазақстаннан 46 спортшы қатысып жатыр.

Тағы оқыңыз:

Сондерс: Құдайым өтінемін, Головкин Альваресті жеңсе екен

Монғолияда этникалық қазақ ауыр атлетикадан чемпион атанды

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы: Илья Ильин спорт алаңына қайта оралады

Бахтияр Артаев «Astana Arlans»» бокс клубының директоры болып тағайындалды 

 

 

 

Талқылау