Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздар қысқы демалысын қайда өткізуде? (фото)

Жаңа жылдық кештерде жанын салып жұмыс істеген жұлдыздар шетелге аттанды. Мәселен, Айдана Меденова күйеуімен бірге ғашықтар қаласы Парижде саяхаттап жүрсе, Ерке Есмахан ұлы мен сіңлілерін ертіп Таиландқа жол тартты. Ал өзге отандық танымалдар қысқы демалысын қайда өткізіп жатыр?

Қазақстандық жұлдыздар қысқы демалысын қайда өткізуде? (фото)

Stan.kz назарларыңызға қаңтар айында қысқы демалысқа аттанған отандық танымалдар тізімін ұсынады.

Белгілі продюсер Баян Алагөзова күйеуі Тұрсынғали Алагөзов пен қызы Айарумен бірге Еуропада саяхаттауды жөн көрген. Танымал отбасы алдымен Францияның Ницца қаласын аралап, кейіннен әйгілі Барселонаға жол тартқан. Айару Бақытбек алда тағы екі мемлекет күтіп тұрғанын айтты.

Қысқы демалысын шетелде өткізіп жатқан жұлдыздар кімдер? (фото)

Бұл жолы жағажайдың орнына Еуропаны таңдағандардың қатарында Айдана Меденова да бар. Өнер иесі жұбайымен бірге ғашықтар қаласы Парижде жүр.

Қысқы демалысын шетелде өткізіп жатқан жұлдыздар кімдер? (фото)

Қазақстандық жұлдыздар қысқы демалысын қайда өткізуде? (фото)

“Музарт” тобының кенжесі Кенжебек Жанәбілов қыстыгүні ыстық жаққа кетуді жөн көрген. Әнші отбасымен бірге қазақстандықтардың екінші мекеніне айналған Дубайда демалып жатыр.

Қысқы демалысын шетелде өткізіп жатқан жұлдыздар кімдер? (фото)

Қазақстандық жұлдыздар қысқы демалысын қайда өткізуде? (фото)

Ал “хитменка” Ерке Есмахан ұлы Муслим мен сіңлілерін ертіп, Таиландқа жол тартты. Айтпақшы, аталған елдің кей аймағында қатты дауыл болады деп ескертілуде. Ерке Есмахан өзі демалып жатқан аймақта ешқандай қауіп жоқ екенін айтып, тыңдармандарын алаңдамауға шақырды.

Қысқы демалысын шетелде өткізіп жатқан жұлдыздар кімдер? (фото)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау