Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыс түспейтін Аустралияда жаздыгүні қар жауып, тұрғындардың зәресін алды

Күні кеше ауа температурасы минус 4-ті көрсетіп, Мельбурнде ең төменгі ауа температурасы тіркелді. Өзге аймақтарда жаз басталған шақта, Мельбурнде қар жауған. Мұндай ауа-райы аймақта осыдан 150 жылдай уақыт бұрын тіркелген көрінеді.

Қыс түспейтін Аустралияда жаздыгүні қар жауып, тұрғындардың зәресін алды

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Аймақта қатты жел тұрып, жаңбыр аралас қар жауған. Сондай-ақ, Сиднейде де ауа температурасы күрт төмендеп кеткен.

Бұл уақытта Алясканың өзінде сынап бағанасы 13 градус жылы температура көрсеткен. Сондай-ақ, Исландияда 8, Перуде 17, Ирландия мен Норвегияда 14, ал Парижде 17 градусты көрсеткен болатын.
Жалпы тарихқа көз жүгіртсек, Мельбурнде ең төменгі ауа температурасы минус 2,8-ді көрсеткен. Бұл жағдай 1869 жылдың 21 шілдесінде тіркелген.

Қыс түспейтін Аустралияда жаздыгүні қар жауып, тұрғындардың зәресін алды

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз.
Талқылау