Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да құтқарушылар жүргізушілерге апатты жағдайдың орын алмауы үшін керемет тәсіл ұсынды

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жүргізушілерге автокөліктерге арналған арнайы хош иістендіргіш заттарын бірге алып жүру керектігін айтып кеңес беруде.

15664d38-8ff8-430d-a0c8-f12de24d245a

Бұл туралы ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

“ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары қыс мезгілінде автокөліктің қауіпсіздігіне себеп болатын хош иістендіргіш құрылғы туралы ақпараттандырмақ. Қыс кезінде, әсіресе, адамдар жол-көлік оқиғаларына, қардың көп жаууы себепті кептеліске жиі ұшырап жатады. Мұндай кезде көлік иелері, қауіпсіздік қызметкерлері қашан келемін дегенше, машиналарында қажетті құрал-саймандары болмағаннан кейін шарасыз күтуге мәжбүр болады”, – дейді ШҚО төтенше жағдайлар департаменті бүгін жасаған мәлімдемелерінде.

13 қаңтар күні ШҚО төтенше жағдайлар департаменті Өскемен қалалық төтенше жағдайлар басқармасымен бірігіп, қыс мезгіліндегі жол қауіпсіздігі туралы үгіт-насихат жұмыстарының аясында жүргізушілерге арнайы хош иістендіргішті де таратпақ.

Талқылау