Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыруар қаржыны игере алмаған министрліктердің аты аталды

Министрліктер қазынадан бөлінген миллиардтарды биыл да сауатты жұмсай алмаған. Бұл туралы КТК хабарлайды.

iz

Қыркүйектегі мәліметтер бойынша, жаратылмаған бюджет ақшасының жалпы сомасы 115 млрдқа жуық. Оның 13,2 млрды үнемделсе, 101,6 млрды мүлдем іске жарамай отыр.

Қолда бар ақшаны жарата алмағандардың көшін Денсаулық сақтау министрлігі бастап тұр. Ведомство 20 миллиардтан астам теңгені шотқа салып қойып, қамсыз отырған. Кәрім Мәсімов басқаратын Ұлттық қауіпсіздік комитеті 10,6 млрдты игермеген.

Мәдениет пен спорт, Ішкі істер де 9,3 млрд теңгені келістірмепті. Қорғаныс министрлігі 8 млрдқа жуық, Ауыл шаруашылығы министрлігі 6 жарым млрдты игермеген.

Бұған шенеуніктердің өздері кінәлі. Себебі, тендерді кеш өткізіп, қағазбастылықты көбейтіп жіберген.

Оқи отырыңыз:

Елбасы: Латын әліпбиіне өту мәселесін дұрыс түсінген жөн

Божко: Қалаға келетін ауылдық жастардың ағымын азайту керек

Бердібек Сапарбаев өрттен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсететінін мәлімдеді

Бауыржан Байбек көшеде баян тартып отырған қарияға қолтаңба берді (видео)

Талқылау