Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанның жаңа президентінің инауграциясы қашан болады

Қырғызстанның жаңа сайланған президенті Сооронбай Жээнбеков мемлекет басшысы қызметіне 1 желтоқсанда ресми түрде кіріседі.

Бұл туралы 24.kg хабарлайды.

Конституция бойынша қазіргі президент Алмазбек Атамбаев өз өкілеттілігін 1 желтоқсанға дейін доғаруы тиіс. Ол ел билігіне 2011 жылдың дәл сол күнінде келген болатын.

Президент аппараты инауграцияның ерте болуы мүмкін екенін де айтты. Қазір нақты уақытын анықтап жатыр. ОСК дауыс беру туралы қорытындыны 20 күн ішінде ресми хабарлағаннан кейін, ұлықтау рәсімінің де қашан болатыны анықталмақ.

Алдын ала дерек бойынша, социал-демократтар атынан кандидат болған Жээнбеков дауыс берушілердің 54,77 пайызын жинаған.

Тағы да оқыңыз:

Сирияда өлтірілген бүлікші әйел ұлын бас кесуге 12 жыл бойы үйреткен

Ақтөбелік кәсіпкер анасы рактан қайтыс болған балаларға 2-қабатты зәулім үй салып берді (фото)

Қырғызстанның жаңа президенті Қазақстан мен Назарбаевқа деген көзқарасын білдірді

Талқылау