Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанның вице-премьер-министрі жантүршігерлік жол апатынан көз жұмды

Қырғызстанның вице-премьер-министрі Темір Жұмақадыров жантүршігерлік жол апатынан көз жұмды.

Қайғылы оқиға Бішкек-Чалдовар тасжолында болды. Жұмақадыровтың жүргізушісі КамАЗ көлігіне соғысқан.

Апаттан үш адам мерт болды. Олар вице-премьер-министр мен оның жүргізушісі және көмекшісі Жамғыршиев Нұрлан. КамАЗ жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Темір Жұмақадыров сайлау учаскелерін тексеру үшін Таласқа бет алған екен. Болжам бойынша, КамАз көлігі қарсы бетке шығып кеткен. Жұмақадыровтың артында әйелі мен төрт баласы қалды.

Тағы да оқыңыз:

Танымал бизнесмен қалыңдығының көзіне шөп салған видеосын көрсетіп той үстінде масқара қылды

Атырауда көздері көрмесе де бір-біріне ғашық жұп тұрады (фото)

Қарағандыда әскердегі сарбаз жерлесін ұрып өлтірді

24 сағат бойы телефоннан көз алмаған бойжеткен соқыр болып қалды

Талқылау