Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанның СІМ президент Атамбаевтың Қазақстанның кесірінен адам шығыны болды дегеніне түсінік берді

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 2010 жылы болған қандай блокада? Қырғызстан тарапы бүгін осы сұраққа жауап бере отырып, сол тұстағы адам шығыны туралы дерек келтірді.

141152

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Елдің сыртқы істер вице-министрі Динара Кемелова мұны Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Айымдос Бозжігітовті қабылдауы кезінде айтқан.

“Аса қажетті дәрі-дәрмек Қырғызстанға уақытылы жеткізілмей жағдайды қиындатты. 2010 жылғы сәуір төңкерісінен соң Қазақстан шекараны жауып, адамдар өзеннен жүзіп өтуге мәжбүр болды. Мыңдаған адамның өміріне қауіп төнді, тіпті бала өлімі тіркелді”, – деді Қырғыз Республикасы СІМ бірінші орынбасары Динара Кемелова.

Ақпарат ведомствоның ресми сайтында жарияланды. Әңгіме Алмазбек Атамбаевтың Euronews телеарнасына берген сұхбатында қатысты. Еске салайық, қырғыз басшысы журналистің «Еуразиялық экономикалық одаққа кірулеріңізге не себеп болды?» деген  сұрағына «Егер одаққа енбесек, блокада қаупі төнетін еді. 2010 жылы Қазақстан бізге блокада құрғанда, адам шығыны болды», – деп жауап берген. Ал Қазақстан Сыртқы істер министрлігі қырғыз тарапынан бұған қатысты түсінік беруді талап етті. Бұл туралы ведомство өкілі Әнуар Жайнақов хабарлады.

Жіберіп алмаңыз:

Әлем чемпионы хиджаб тақпағаны үшін Иран құрамасынан өмір бойына шеттетілді

Бекболат Тілеухан министрге: Баспасөз бетінде сізді жекпе-жекке шақырам, бірақ жеңіліп қаласыз-ау

Некесіз секспен айналысқан мұсылман әйеліне 26 рет дүре соғылды (фото)

Талқылау