Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанның 6 миллионныншы тұрғыны дүниеге келді

Қырғызстанның алтымиллионыншы тұрғыны Ош қаласында туғды деп, хабарлайды КАЗИНФОРМ.

 Қыз бала кешкі сағат  18:12-де әскери отбасында дүниеге келген. Сәбидің салмағы  3 келі 870 грамм.

Әкесінің есімі – Алмаз Қожошев, шешесі –  Рахат Белекова.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев, сәбидің ата-анасын құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт тіледі.

Айтуынша, алтымиллионыншы тұрғынның дүниеге келуі бүкіл Қырғызстан халқына қуанышты хабар. “Халық санының өсуі бейбітшілік өмірдің бірінші көрсеткіші. Алдағы болашақтың барына сенімділік әкеледі” дейді Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Елбасшысы сәбидің отбасына баспана беруды  бұйырды. Және оған депозиттік есепшот ашып, 1 млн сом салынды.

 

 

Талқылау