Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстаннан келген жеміс-жидектер зиянкес жәндіктерге толы болып шықты

Қырғыздан келген жеміс-жидектің көп бөлігі зиянкес жәндіктерге толы. Минсктегі екі ел президенттерінің мәмілесінен кейін қырғыз билігі Еуразиялық одақтың фитосанитарлық талаптарын сақтауға міндеттелген еді. Соған сай екі ел үкіметінің арнайы тобы жол картасы бойынша жұмыс жүргізуі керек болатын. Алайда қырғыз халқы айтқандарынан айнып қалғандай. Қазірдің өзінде жеміс-жидек тиелген 45 жүк көлігі кері қайтарылған.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қырғыз асып келген жеміс-жидектерге зерттеу жүргізген мамандар дабыл қағуға мәжбүр болыпты. Өйткені алмасынан «шығыстың жеміс жемірі», құрмасынан «камсток сымыры», картобынан «алтын түстес құрт жұмыры», жүзімінен «арамсояу тұқымы» табылыпты. Мұндай карантиндік зиянкестері бар азық – түлік жеуге жарамсыз екені айтпаса да аян.

Осылайша жыл басынан бері 400-ге жуық жүк көлік тексеріліп, 3,5 тоннаға жуық жидек кері қайтарылған. Көрші ел заң бұзушылықты әдетке айналдырған соң, қазақ тарапы кеденге шектеу салған еді. Шекарадағы шиеленіс Минскідегі екі ел президенті келіссөзінен соң жақсару тиіс-тін. Тиісінше қырғыз билігі талапты сақтауға уәде бергендей болған. Алайда айырқалпақты ағайын айтқанынан айнып қалған сыңайлы. Өйткені соңғы екі аптаның өзінде 50-ге жуық жүк көлігі кері қайтарылған.

“Екінші желтоқсан жол картасы бекітілгеннен бері қарай тексеру жұмыстары нәтижесінде 45 автокөліктен заң бұзушылық анықталып, кері қайтарылып отыр. Яғни жол картасына қол қойылғанмен заң бұзушылықтар әлі тиылмай отырғанын байқауға болады”, – дейді Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктеркарантині және фитосанитарлық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Сәбит Жүсіпов.

Осылайша карантиндік кеселге шалдыққан көкөністер кеденнен кедергісіз өткенімен кері қайтып жатыр. Көбінің құжаты жоқ. Яғни фитосанитарлық сертификатсыз, көк-сөктің қайдан, қайда бара жатқаны және қашан терілгені жайындағы маркасыз өтуін әлі қоймапты.

Оқи отырыңыз:

Қазпоштада роботтар қызмет көрсететін болады

Шымкент әуежайы тұманды ауа-райына байланысты жабылды

Qazkom Халық банкіне қосылады

Алматыда тұрғындар жиі шағымданатын бағыт бойынша жаңа автобустар жолға шықты

Талқылау