Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстаннан елімізге келген сапасыз тауарлар кері қайтарылды

Жамбыл облысындағы шекара бекетінде тәртіп күшейгеннен кейін «саны бар, сапасы жоқ» тауарлардың жолы кесілді, – деп хабарлайды Хабар 24.

Соңғы 10-15 күннің ішінде Қырғызстаннан елімізге өтпек болған 700 жүк көлігінде тауарлардың сапасы кедендік талапқа сай болмай шығып, кері қайтарылған. Саясаттанушылар екі ел арасындағы шекаралық тәртіп кедендік нормаға бағынуы шарт екенін айтады. Өйткені көршіміздің еліміз арқылы тасымалдайтын тауарларының жартысынан көбі басқа мемлекеттерге экспортталады.

«Шекара бекетінде бақылау болмаса, Кедендік одақ елдері зардап шегуі мүмкін. …Біз ортақ талаптарға сәйкес жұмыс істеуіміз керек. Және Қырғызстан мемлекетіне айтылды. «Егер сіздер Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ фитосанитариялық, санитариялық, кедендік талаптарының барлығын орындамасаңыздар, онда сіздерге үлкен санкция қойылады», – деп айтылды», – дейді саясаттанушы Саин Борбасов.

Жіберіп алмаңыз:

Мұнай бағасы соңғы екі жылда алғаш рет 62 доллардан асты

Қазақстанда қазан айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 25 738 теңгені құрады

Миллиардер Гонконгтағы ғимаратының бір бөлігін 5,2 млрд долларға сатты

Ұлттық банк: қазанда инфляция өсімі болуы мүмкін

Талқылау