Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстаннан әкелінген жемістен түрлі зиянкестер табылды

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында зарарлы жемістердің ірі партиясы тәркіленді.

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық шекараның қырғыз учаскесінде күшейтілген кедендік, көліктік, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау бойынша жоспарлы операция жалғасуда.

Сонымен, 10-17 қазан аралығында сегіз жүзден астам қырғыз тасымалдаушысы тексеріліп, нәтижесінде 5,6 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған.

Фитосанитарлық бақылау күшейгелі бері 127 автокөліктен 20 құқықбұзушылық жайты анықталып, жалпы салмағы 202 тонна өнім қайтарылған.

“Үш дерек бойынша карантиндік нысандар анықталған —Комсток құрты, шығыс жемір көбелегі және азиялық жидек дрозофилі”, — делінген хабарламада.

Зарарлы партиялар Қырғызстанға жөнелтілді.

Тағы да оқыңыз:

Көп балалы ана балаларын пешке жағып жіберіп видеочат арқылы әкесіне көрсеткен

Дәріханада әйелін 22 рет пышақтап өлтірген азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Талқылау