Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстандық өз ұшағымен жер жүзін айналып шықпақ

Бішкектегі Октябрь ауданының бұрынғы әкімі, Бішкек қалалық кеңесінің экс-депутаты және кәсіби ұшқыш Союзбек Салиев шілде айында спорттық ұшағымен жер жүзін айналып шығуға аттанбақ.

be113c99-cf4f-4194-bba1-05f6f253b8d2

Бұл туралы Zanoza.kg хабарлайды.

“Бірінші кезекте ұшақ таңдау мәселесі болды. Мұхиттардың үстімен екі қозғалтқышпен ұшу өте сенімді. Бірақ ол қымбат тұрады. Бұл ретте шамалы арзандау, бірақ сенімді Mooney Ovation2 ұшағын таңдадық. Бұл ұшақтың әлемді айналып шығуда тәжірибесі бар. Ол өз класында өте жылдам әрі ұзақ жолға төзе алады”, – дейді Союзбек.

Союзбек бұл саяхатын Қырғызстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына және екінші дүниежүзілік көшпенділер ойынының құрметіне арнамақ. Ол осы сапарға ұзақ уақыттан бері дайындалыпты: ол өз пәтерін сатып, қарызға ақша да алған, енді жомарт қырғыздардан жанармай үшін қаражат сұрап отыр.

“Ашхабад арқылы Дубайға түсеміз, сосын Африкадағы Судан, Нигерия, Кот-д’Ивуар аймағына қарай ұшамыз. Әрі қарай – Бразилияға. Чилиде техникалық үзіліс жасап, ұшақты тексеріп, майын ауыстырып, ауа-райын бақылаймыз. Біз ұшақтың жағдайына байланысты 4,5 мың метр биіктікте ұшамыз.

Аспан бұлттан тазарып, ауа-райы тұрақталғанда олар Пасхи аралдарын бетке алмақ. Жоспар бойынша одан соң Таити, Науру, Паго-Паго, Филиппин, Вьетнам, Мьянма, Үндістан секілді елдер күтіп тұр. Ұшақ жағдайына байланысты Союзбек солтүстік маршруттарды таңдай алмаған.

2016-06-20_15-04-00_398043_w

Сапар 50 күнге созылмақ. Союзбек Салиев бұл бастамасын зайыбының қолдап отырғанын да айтты.

“Ол бастапқыда уайымдаған. Менің алты балам бар, ал бұл сапар нағыз тәуекел деп айтуға болады. Менің ұшқышым литвалық Йонас Жукнус, ол бұған дейін де 2012 жылы әлемді айналып шыққан. Қазір жасы 72-де. Ол әйелімді сапардың қауіпсіз болатынына сендірді. Ақырында ол келісімін беріп, мен пәтерімді сатып, ұшақ сатып алдым”, – дейді ол.

Талқылау