Қырғызстандық 12 жасар оқушысы үйіне қайтып бара жатып кездейсоқ марафонға қатысып кетті

Жұма, 3 Маусым , 2016 14:10

Қырғызстанда 12 жастағы Бекжан Кармышақов мектептен үйіне қайтып келе жатып, марафонға қатысушыларды көріп қалады. Сөйтіп ол да марафоншылардың қатарына қосылып жүгіріп кетеді.

1026012764

Сурет: ru.sputnik.kg 

Run The Silk Road марафонында Бөстері ауылынан Темір пункіне дейін 20 шақырымды жүгіріп өтуі керек болған.

Жүгіру кезінде Бекжан анасы берген тамақты жүгірушілерге беріп, өзі әрі қарай 21 шақырымды жүгіріп барған.

«Бәрі жүгіріп бара жатқан соң мен де ілесе кеттім. Жол жөнекей анам берген тамақты балаларға таратып бердім. Мен күнделікті таңертеңжүгіремін. Сондықтан маған мұндай қашықтықта жүгіру қиынға соқпайды», – дейді Бекжан.

Ұйымдастырушылар оған медаль мен диплом, сондай-ақ келесі марафонға қатыса алатын сертификатты табыс еткен.

f26aa6335b7380

Сурет: tjournal.ru 

«Тіпті Бекжанды Бішкектегі жеңіл атлетика спорт мектебіне шақырды. Ол мектепте келесі марафонға қатысу үшін жаттығады. Бекжан бізді таң қалдырды. Енді келесі марафонда күтетін боламыз», – дейді Run The Silk Road марафонының ұйымдастырушысы Нұрлан Жұманалиев.

Сәуір айының аяғында Нью-Йоркте 12 жасар америкалық Лиадинез Родригес те кездейсоқ марафонға қатысып кеткен еді. Ол 5 шақырымды артқа тастап, озып шықпақ болған екен. Алайда, белгіленген уақытты шатастырып алған көрінеді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыдағы марафонға қатысқан арбаға таңылған мүгедек жанға көпшілік қайран қалысты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар