Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстандағы Қытай елшілігінің ғимаратында жойқын жарылыс болды

Қырғызстандағы Қытай елшілігінің ғимаратында жойқын жарылыс болды. Соның салдарынан дипломатиялық өкілдіктің 3 қызметкері зардап шеккен. Ал, жарылғыш заты бар көлікті тізгіндеген жанкештінің өзі сол жерде қаза тапты деп хабарлады КТК телеарнасы.

1028860085

Фото: ru.sputnik.kg

Шабуыл кеше таңғы уақытта болды. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, ғимаратқа көршілес орналасқан мекемелердің есік-терезелері де қирандыға айналыпты. Қауіпті затқа толы автокөлікті тізгіндеген қаскөй Бішкекте орналасқан Қытай елшілігінің қақпасын бұзып өтіп, ішке қарай өтпек болған.

Алайда сол кезде көлігі жарылып, өзі де шейіт болды. Қырғыздар бұл жағдайды лаңкестік әрекет деп бағалап отыр. Әзірге бұл шабуыл үшін жауапкершілікті ешкім мойнына алмаған. Таяуда ғана ел аумағынан қауіпті “Ислам мемлекеті” ұйымына қатысы бар бірнеше жергілікті тұрғынның тұтқындалғанын да айта кетейік. Енді бүгінгі оқиғадан кейін қытайлықтар Қырғыз билігінен қауіпсіздік шараларын күшейтуді сұрап отыр.

“Бұл жағдайдан кейін жағамызды ұстадық! Және оқиғаны экстремистік шабуыл деп білеміз. Қытай сыртқы істер министрлігі Қырғызстан билігінен тез арада қажетті шараларды қолдануын және аумақтағы Қытай азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрайды. Бұған қоса, шабуылдың артында тұрғандарды тауып, тиісті жазасын берсе дейміз”, – деді Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Хуа Тюнин.

Талқылау