Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстандағы қазақстандық елшіге наразылық нотасын жолдады: не болып қалды?

Қырғыз жақ Алматы қаласындағы әуежайда жиіленіп кеткен тексеріске байланысты азаматтардың наразылығын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қырғызстандағы қазақстандық елшіге наразылық нотасын жолдады: не болып қалды?

Жұма күні Кыргызстан республикасының сыртқы істер министрлігі Қазақстанның елшісіне наразылық нотасы берілгенін хабарлады.

Қырғызстан мемлекетінің сыртқы саясатты мекемесінің ресми өтінішінде қазақстандық елші Кәрім Көкірекбаевты СІМ-ге шақыртқан. Шақыртудың басты себебі соңғы кезде Алматы қалалық әуежайында қазақстандық өкілетті органдар тарапынан жалғасын тауып жатқан жиі тексеріске байланысты Қырғызстан Республикасының азаматтарының шағымы болған.

«Кездесу барысында қырғыздар тарапынан қазақстандық өкілетті органдардың іс-әрекетіне байланысты алаңдаушылық танытылды. Сонымен қатар, қазақстандықтар жақтан мұндай әрекеттердің қайталанбауына және құзырлы органдардың өкілеттер тарапынан абыройды түсірер әрекеттерге жол бермеуге мән беруді сұралды», – деп хабарлайды КР СІМ.

Бұл жағдайға қатысты Қазақстан Республикасының СІМ пікір білдірді.

«Қазіргі таңда жағдайдың мән-жайын, нақты қандай тексеріс жүргізілгенін анықтап жатырмыз», – деп мәлімдеді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров. Оның айтуынша, Қазақстан әуежайларында барлық жолаушыларға бірдей қауіпсіздік тәртібі қолданылады. Сонымен қатар, Смадияров азаматарға бақылау-өткізу пунктіндегі сауалнама мемлекеттік шекара заңына сәйкес жүргізілетінін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау