Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда жол көлік апатынан 8 адам қаза тапты

Бішкек-Ош автожолында болған жол апатында 8 адам қаза тауып, 3 адам ауыр жарақат алды.

20170718121928

Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол көлігі апаты бүгін таңертең сағат 6.00-де (Бішкек уақытымен) Таш-Құмыр қаласы ауданындағы Бішкек-Ош автожолының 460-ыншы километрінде болған.  Жол апаты барысында үш көлік  –  ішінде екі адамы бар MAN жүк машинасы, 6 жолаушысы бар «Хонда Одиссей» және 9 адамы бар «Хонда Степвагон»  бір-біріне соғылған. Хабарламада көрсетілгендей, жол апаты салдарынан сегіз адам – «Хонда Степвагон» көлігіндегі барлық жолаушы – 4 ер адам, 3 әйел және 5 жастағы қыз бала оқиға орнында көз жұмған.

Тағы да оқыңыз:

Өзбекстан полицейлері кінәсін мойындамаған ер адамның екі аяғын сындырып тастады

Метрода вагон есігіне қысылып қалған әйелді пойыз сүйреп әкетті (видео)

Ерке Есмаханға жауап берген қара жұмысшы бала елді күлкіге қарық қылды (видео)

Талқылау