Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда ұшақ тура ауылдың үстіне құлады (фото, видео)

Қырғызстанда Turkish Airlines әуе компаниясының Boeing 747 жүк таситын ұшағы тура ауылдың үстіне құлаған.

23190

Фото: m.24.kg

Бұл туралы “Кабар” хабарлайды.

Алдын-ала деректер бойынша, төтенше оқиға салдарынан Дача-Суу ауылындағы 15-ке жуық үй қирап, 30-дан астам адам көз жұмған. Төтенше жағдай қызметкерлері ұшақтың жалыны жайылып кетпей тұрып, сөндіріп үлгерген.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сегіз адам ауруханаға жатқызылған. Олардың алтауы балалар. Барлығының жарақаты ауыр. Сондай-ақ министрлік қаза тапқандар мен жараланғандар туралы нақты ақпаратты әлі жария етпеді.

23192

Гонконг әуежайынан ұшып шыққан ұшақ таңғы 4:31 шамасында ел астанасындағы Манас әуежайына қонар алдында апатқа ұшырап отыр.

23184

Батыстан шығысқа қарай қонбақшы болған лайнер сәтті қону процесін жүзеге асыра алмай, екінші айналымға кеткен.

23193

Оқиға орынына үкімет басшысы Сооронбай Жээнбеков, төтенше жағдайлар министрі Құбатбек Боронов, транспорт және жол министрі Жамшитбек Қалиловтер жедел түрде жетті.

1031266399  1031266613

1031267448

1031267542

1031269355

Талқылау