Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда тек соммен саудаласу ережесі күшіне енді

Қырғызстанда тауар мен қызмет көрсету бағаларын ұлттық валютада көрсетуге міндеттеп, ішкі сауда операцияларын шетел валютасында жүргізуге тыйым салатын заң күшіне енді.

сом

Бұл туралы Азаттық радиосы жазған.

Заңды 18 наурызда Қырғызстан парламенті мақұлдаған. Жаңа ереже негізінен доллар немесе еуромен есеп айырысатын жылжымайтын мүлік нарығы, көлік сату мен авиация саласына тиеді деп болжанып отыр. Заң талабын орындамағандарға әкімшілік шара көріліп немесе айыппұл салынуы мүмкін.

Талқылау