Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда педофилге күдікті имам ұсталды

Жалалабад облысының Созақ ауданындағы мешіттердің бірінің 58 жастағы имамы бүгін қылмыс жасауға күдіктеліп ұсталды және уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Бұл туралы өңірлік ішкі істер басқармасы хабарлады,-деп жазды Қазақпарат.

иммммаааааммммм

Оны ұстауға кеше 10 жасар бала анасының құқық қорғау органдарына шағыммен жүгінуі себепші болды, онда жергілікті мешіттің имамы 2006 жылы туған оның ұлына жыныстық сипаттағы зорлық жасағаны хабарланған.

Бұл факті бойынша сот-медициналық және сот-биологиялық сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесімен ҚР ҚК 130-бабымен («жыныстық сипаттағы күш қолдану») қылмыстық іс қозғалды.Ұсталған имам бұрын сотталмаған  және отбасылы екені белгілі болды.

Дін жолында жүрген адамның ұсталуы үлкен қоғамдық жаңғырық туғызды және оған шариғат соты нормаларын қолдану талап етілуде.

 

Талқылау