Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда көлігімен баланы қаққан жүргізуші намазға асыққандықтан қарамастан кетіп қалған

Сокулук тұрғыны 26 ақпан күні өзінің 6 жасар ұлы Алексеймен бірге серуендеуге шыққан. Бала анасымен бірге жол жиегінде тұрған кезде қатты жылдамдықпен келген көлік баланы соғып өте шыққан.

2017-03-06_12-00-54_395157_w

Бұл туралы zanoza.kg хабарлайды.

“Көлік тоқтамай 15 метрдей жерге жүріп кетті. Көлік жүргізуші тек көп адам жиналып қалғна кезде ғана көлігінен шықты. Шықты да бізге айқайлай бастады”, – дейді Наталья.

Әйел одан есінен танып қалған ұлын ауруханаға жеткізуді талап еткен. Ал жүргізуші болса көлікте клиент күтіп отыр деп қарсы болыпты. Алайда анасы дегенінен қайтпай, ақыры аудандық ауруханаға жетеді. Алексейге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, 3-ші клиникалық балалар ауруханасына жібереді. Ал жүргізуші болса бұл уақытта күтіп тұрғысы келмепті.

“Ол мені ақымақ деп атап, күткісі келмейтінін, өйткені намазға кешігіп бара жатқанын айтты,” – дейді Наталья.

Алексейдің қабырғалары, тізесі сынып, көп қан жоғалтқан. Сондай-ақ, балада жеңіл ми шайқалу да тіркелген. Сол күні оған алғашқы операция жасалады. Әлі тағы екі операция өткеруі тиіс. Ал жол-көлік оқиғасына кінәлі Нұрбек Иманқұлов баланың еміне ақша төлеуден бас тартқан.

Натальяның айтуынша, алғашқы күні Нұрбектің ағасы балаға қажетті шығындарды төлеп бергенімен, кейін ол да тоқтатқан. Ал кінәлі адам болса телефон қоңырауына мүлде жауап бермей, отбасыға бір тиын да көмек бермеген.

“Біз емнің ақшасын төлеу үшін отбасылық смартфон, компьютерлерді саттық. Қазір ескі телефон қолданып жүрмін. Ал оның отбасы маған ашулы”, – дейді Морозова.

Бірер күн бұрын Нұрбек Иманқұловтың анасы мен әпкесі ауруханаға келіп, баланың әжесіне қарсы дау шығарыпты. Әйелдің айтуынша, олар бастапқыда арызды қайтып ал деп үгіттеген. Мұндай айқайдан кейін бала өз-өзіне келе алмай, ұзақ уақыт жылап, ақырында оған тынышталдыратын екпе жасалған.

Аудандық полиция да кінәлі ер адамды ұстап, сұрау алуға асығатын емес. Олар іс қозғау үшін материал жеткіліксіз, жарақаттар туралы сот-медициналық сараптамасының қорытындысы керек депті.

Ал дәрігерлер болса баланың жүріп кетуіне толық кепілдік жоқ дейді. Бірақ, тым құрыса ақсаңдап болса да жүріп кетуі үшін барлық мүмкіндікті қарастырып жатыр. Алдағы уақытта аяғына жасалатын операция кезінде көп қан кететіндіктен, қан беретін 2-3 донор керек.

Талқылау