Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда Қазақстан азаматы достарымен кездесу үшін заң бұзған

Қазақстан азаматы Қырғызстан аумағына өту үшін Шу өзенін кешіп өтпек болды. Оны Қырғызстан шекарашылары ұстап алған. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан хабарлады.


Қырғызстанның шекаралық ведомствосының мәліметінше, 24 жастағы жігіт Шу облысында өткізу бекетінен тысқары жерде ұсталыпты.

Қазақстандық азаматтың айтуынша, ол достарымен кездесу үшін Тоқмоққа бара жатқан.

Оның шекараны кесіп өтуге заңды құқығы жоқ болып шығыпты. Себебі бұдан бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен.

Тиісті құжаттар ресімделген соң ұсталған азамат Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшесі қызметкерлеріне тапсырылды.

Тағы оқыңыз:

Баян Мақсатқызы: Қатал тәрбие алдым, сондықтан шебер өтірік айтамын

Білімсіз режиссер: Бүркіт алғашқы кинокартинасының сәтсіз шыққанын мойындауға мәжбүр болды

Алтынай Жорабаева “ажырасқалы құтырып кетіпті” деп сынағандарға жауап берді

Талқылау