Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда қатерлі ісікке шалдыққан баланы түйенің зәрімен емдеген

Қырғызстанда ата-анасы онкологиялық ауруға шалдыққан балаларын ауруханадан алып кетіп, оны балгерге әкеліп емдеткен.

848

Бұл туралы Zanoza.kg хабарлайды.

Бақсы баланы түйенің сүті және түйенің зәрімен емдеген. Ұлттық онкологиялық орталықтың балалар бөлімінің дәрігер-онкологы Сұлтан Стамбековтың айтуынша, бір жыл бұрын бес айлық балаға қатерлі ісік деген диагноз қойылған екен.

Оның сөзінше, орталық қыз баланы бір жыл бойы емдеп жатқан. Алайда әкесі күтпеген жерде бүлдіршінді алып кетіпті. Бір айдан соң қызымен ауруханаға қайта келгенде ол рактың төртінші кезеңінде болған.

“Ата-анасы бүгін баланы ұзақ уақыт кешіктіріп алып келді. Сөйтсек, олар баланы балгерге алып барған екен. Әрине, бұл жаңалық емес, бірақ оның емдеу тәсілі таңғалдырды, ол баланы түйенің зәрімен емдепті. Сонда не олар түйеге суды көп беріп, сосын қашан зәр шығарғанын күтіп тұра ма? Адамдар, біз қайда бара жатырмыз?”, – дейді наразылық танытқан дәрігер.

Сұлтан Стамбековтың сөзінше, мекемеде қажетті дәрі-дәрмек бар және оның ем-домы үшін түрлі қорлар мен мемлекет те көмектесіп жатыр екен.

“Бұл баланың тағдыры үшін бір жылдан бері күресіп келеміз. Ол қатерлі ісікке қарамастан бір жылдан бері аман-есен. Айтпақшы, әлгі түйенің зәрінің литрін 400 сомнан саудалағанын да білдім. Мүмкін, түйе асыраймыз”, – дейді дәрігер.

Қазіргі таңда қыздың жағдайы тұрақты және ол ем алуды жалғастырып жатыр. Дәрігер, балгерге көрінген балалардың ауыр жағдайда ауруханаға түсуі бірінші рет кездесіп отырған жоқ дейді.

“Мынадай да жағдай болған, баланың мойынындағы ісік үшін күресіп, біз оны емдей алдық. Енді нәтижеге жеттік деген кезде ата-анасы оны балгерге алып кетті. Оған апаруға туыстары кеңес берген екен. Ал қайта алып келген кезде, бәрі кеш болды. Ісік ұлғайып кеткен. Нәтижесінде 7 жасар бала көз жұмды”, – дейді Стамбеков.

Оқи отырыңыз:

Бойжеткен бейнеролик түсіру кезінде абайсызда өз жігітін атып өлтірді

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хе өлім жазасына кесілді

ДАИШ әскерімен күле жүріп атысқан снайпер қыздың батылдығы елді таңғалдырды (видео)

Рианна Сауд Арабиясынан шыққан миллиардермен көңіл қосты (видео)

Талқылау