Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда Гана тайпасының ханшайымы туылды

Қырғызстанда Гана тайпасының ханшайымы дүниеге келді. Данэлия есімді қыз   ханзаданың ұрпағынан тараған  Даниела Тего мен оның 22 жастағы  қырғыз қызы Эльнурдың шаңырағында дүниеге келген. Даниел осы елдің футболдан құрама командасында ойнайды, жұмысы да Қырғызстанда,-деп хабарлайды ZANOZA.

қырғыз

Бір жыл бұрын бұл жұп бас қосқан кезде Эльнура Даниельмен әлеуметтік желі арқылы танысқанын айтқан еді.

2008 жылдан бері Қырғызстанда жұмыс істеп жүрген жігіт сол елдің азаматтығын да алып үлгерген. Желіде Эльнурға бірінші болып өзі жазған. Алғашында қырғыз қызы қара нәсілді жігітке сенбеген. Жеке кездесу оның ойын түбегейлі өзгерткен.

«Басында оны барлығы сияқты деп түсіндім. Желіде сөйлескен кезде ол менің күйеуім болады деп мүлде ойламаппын. Онымен алғаш кездескен сәтте бастапқы ойым толықтай өзгерді. Ол өте сыпайы әрі мейірімді болып көрінді»,-дейді қырғыз қызы.

қырғыз1

Осыдан кейін футболшы жігіт қыздың ата-анасымен танысқан. Эльнур алғашында туысқандары қара нәсілді жігіт жайлы есітіп шошып кеткенін айтады. Келіншек қазір Даниельге ата-анасы туған баласындай жақын болып кеткенін айтып қуанады.

 

 

Талқылау