Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда болған күшті жер сілкінісінің белгілері Алматыда байқалды

Бүгін Қырғызстанда болған күшті жер сілкінісінің белгілері Қазақстанға да сезілді.

11040120

Сурет: РИА Новости

Қырғызстанда 6,3 балды жер сілкінісі болды.

Бұл туралы Европалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлайды.

«Геофизикалық зерттеу институты» қазақстандағы мемлекеттік кәсіпорын орталығы жер сілкінісінің магнитусы 6,3 екенін бағалады.

Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелі-методикалық экспедициясы өз кезегінде жер сілкінісінің магнитудасы 6,5 екенін мәлімдеді. Оның мәліметінше, Шымкент пен Тараз қаласында жер сілкінісі белгісі 3 балды құраған. Ал, Алматыда 2 балды белгісі байқалған.

Жер сілкінісінің уақыты Астана уақыт бойынша 17,17 сағатта болған.

Эпицентр Бішкек қаласынан 381 шақырым, Ош қаласынан 117 шақырым жерде орналасқан.

Талқылау