Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда әскерилер арасында атыс болып, бір адам қаза тапты

Қырғызстанда Ұлттық гвардия әскери қызметшілері арасында орын алған жанжал салдарынан бір сарбаз қаза тауып, екіншісі жарақат алды

66666666666666

Бұл туралы РИА Новости  ведомство өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

«Шамамен жергілікті уақыт 4.00 шамасында Ұлттық гвардияның №714 әскери бөлімінде қарауылға шабуылдау кезінде келісімшарт қызметінің екі әскери қызметшісі ауыр жарақат алды. Шабуылдаушылардың бірі ауруханаға бара жатқан жолда қаза тауып, екіншісі жансақтау бөлімшесінде жатыр, оған ота жасалды», – деп атап өтті ведомствода.

Қарауыл мен әскери қызметшінің арасында жанжал туындап, қарауыл кездейсоқ оқ атқаны хабарланады. Шабуылдаушылар осы бөлімде мерзімінен тыс қызметтен өтіп жатқан. Келеңсіз жағдайдың мән-жайы анықталуда, оқиға орнында әскери прокуратура өкілдері жұмыс істеуде.

 

Талқылау