Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан президенті премьер-министр болғысы келмейді

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев билікте қалып, премьер-министр болуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы ол Шолпан ата қаласындағы баспасөз конференциясында мәлімдеді.

ff0b2c8ca1d33db25310a9d4a0d2ad1e

kyrtag.kg

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

“Егер билікті сақтап қалғым келсе, бас қатырып жатпай, парламентсіз басқа референдум өткізер едім. Оған 300 мың дауыс жеткілікті. Маған өңірлерден Атамбаев екінші мерзімге қалуы тиіс деген үндеулер келіп түсуде. Сондықтан қол жинау барысында ешқандай қиындық болмас еді”, – дейді президент.

Атамбаев сондай-ақ өзінің ізбасарын дайындап жатпағанын айтты. Ол Қырғызстан азаматтары болашақ президентті өздері таңдауы тиіс екенін тағы бір рет қайталап өтті.

“Дегенмен халық президентті ақша үшін таңдайтын болса, ел тағдырын ұры президентке тапсыратынын түсінуі тиіс”, – деп толықтырды Атамбаев.

Айта кетейік, 2016 жылдың 27 шілдесінде бір палаталы парламенттің 4 фракциясы биылғы жылдың күзінде Конституцияға өзгеріс енгізуді ұсынды. Ондағы мақсат – премьер-министрдің өкілеттігін кеңейту. Референдум өткізу туралы заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.

Қырғызстан заңы бойынша, президент 6 жылға сайланады. Бір адам екі рет президент бола алмайды.

Талқылау