Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан парламенті елдегі той қонақтарының санын заңмен шектеді

Қырғызстан парламенті тойларға келетін қонақтардың санына шектеу қою туралы заң жобасын жасап шығарды. Құжатқа сәйкес, бесікке салу мен туған күн мерекелерін той жасап, атап өтуге тыйым салынған.

4ko44pre_86

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Тұсау кесер мен сүндет тойға 100 адамнан артық, ал үйлену тойына 150 адамнан артық мейман шақыруға болмайды. Заң жобасы қазіргі кезде қоғамдық талқылауға шығарылған. Қырғызстанның Жогор ку кенеші жергілікті халықты тойларға деген ысырапшылықтан тиылуға үндеді.

Халық қалаулылары 300, 500, 1000 адам шақырып, қымбат кортеж жалдап, еденіне мәрмәр төселіп, іші алтынмен жалатылған мейрамханаларда қуанышты кең құлаш мерекелеуді шектеуді сұрайды. Әзірге, Қырғызстандағы заң – жоба деңгейінде. Қырғыз халқының да қандай шешім қабылдайтыны белгісіз.

Талқылау