Қырғызстан билігі шенеуніктердің ұлан-асыр той жасауына тыйым салмақ

Сейсенбі, 1 Наурыз , 2016 7:39

Қырғызстан билігі шенеуніктердің ұлан-асыр той жасауына тыйым салғалы отыр. Тіпті бұл өзгерісті заңды түрде бекітпекші. Қазір аталған жоба депутаттардың қарауында жатыр.

c64252772f7417a955cb043ca0727920

Сурет svadbann.ru

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Биліктің мұндай қадамға баруына соңғы кезде мемлекеттік қызметкерлер жасаған салтанатты шаралар төңірегінде сұрақтардың көбейіп кетуі түрткі болған. Қай қырғыз болса да, қалтасындағы соңғы ақшасын шашып немесе қарызға белшеден батып ұлан-асыр той жасағанға құмар. Тіпті шенеуніктердің тойы бірнеше күнге созылған мерекеге айналады. Осындай қымбат шараларды қысқарту үшін парламент депутаттары тиісті заңнаманы қолға алды.

“Шенеуніктер ұйымдастыратын ұлан-асыр тойлардың артында жемқорлық тұр. Сондықтан біздің дәстүрді ретке келтіретін заңды талқылап жатырмыз”, – дейді Қырғыз Республикасы Парламентінің депутаты Рыскелді Момбеков.

Енді депутаттар шенеуніктерді қонағы 150 адамнан аспайтын, бір күнде бітетін қарапайым той өткізуге міндеттемек. Ал қыдыру кезіндегі салтанатты шеруде 5 көліктен көп болмау керек. Мұндай шектеулер туған күн, тіпті жерлеу рәсіміне де қатысты болмақ. Бұл мемлекеттік қызметтегілерге ғана қатысты болса да, қарапайым халық қазірден бастап алаңдап отыр.

“Мәселен, мен жуырда тұрмысқа шығамын. Тойымда 300-ден аса қонақ болады. Адамдардың санын қалай шектейміз. Туыстарымыз бар, достарымыз бар”, – дейді Бішкек тұрғыны Нұрайым Жақшылықов.

Алайда, бұл заңды қолдаушылар да жоқ емес.

“Экономикалық дағдарыс кезінде ақша шашудың не қажеті бар? Менің ойымша 100-150 адам жеткілікті”, – дейді Асан Гасанов есімді тұрғын.

Мәселен, оңтүстік жақта бір депутат 40 мың қонақ шақырыпты. Жаңа заңды сынаушылар құжат қабылданса да, оған мойынұсынатын ешкім болмайды деп отыр. Себебі тойға келген қонақтардың санын есептеп отыратын орган жоқ, оның үстіне заң шикі әрі жүйесіз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар