Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғыздың ұлттық асын жылқының жыныс мүшесіне теңеген британдық аспазды мақтағысы келген

Елді шулатқан Facebook-тегі посттың иесі Майкл Макфиттің әкесі осылай деп ақталып отыр.

95_main

Алайда сот  Майкл Макфитті Қырғызстаннан депортация жасауға шешім қабылдады.

Естеріңізде болса, бұған дейін Қырғызстандағы «Құмтөр» компаниясының қызметкері, австралиялық Майкл Макфиттің қырғыздың ұлттық шұжық түрін жылқының жыныс мүшесіне теңегені үшін ұсталғандығын хабарлаған болатынбыз.

Енді оның әкесі Джон Макфит өз ұлының жаңа жыл алдындағы кешкі асқа осы тағамды дастарханға қойып, өз ризашылығын білдіргісі келген деп отыр.

“Ол қырғыздарға көмектесетін  өңдеу бригадасының басшысы,. Ал суретте мерекелік дастарханның суреттері болған, Майкл жай ғана сол дастарханды жайған аспазшыға деген ризашылығын білдірігісі келген, тек сол сәтсіз болып шыққан. Ол өз сөзінде бұл жылқы етінен жасалған шұжық деудің орнына жылқы «пенисі» деп жазып жіберген. Қазірге қолдан келері  – оның ешқандай жаман ойы болмағанын, ешкімді кемсіткісі келмегенін  СІМ-нің түсіндіріп бергенін күту ғана», – дейді Макфиттің 63 жасар әкесі, фермер Джон.

Талқылау