Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз журналисі ел президентін сотқа берді

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласының Первомай аудандық соты журналист Дайырбек Орунбековтің ел президенті Алмазбек Атамбековке қарсы шағымын қабылдады. Журналист президент өзінің “ар-намысын қорлағанын” айтқан.

қырпрезидент

Бұл туралы  Азаттық радиосы  Kloop.kg сайты хабарлайды.

Сот Орунбековтің шағымын екіге бөліп (ел президентіне және оның аппарат жетекшісі Фарид Ниязовке қарсы), 28 қаңтарда және 1 ақпанда қарастырмақ.

Орунбеков пен қырғыз билігінің дауы журналист бір мақаласында 2010 жылғы қақтығысты президент Атамбаев пен басқа саясаткерлерден көрген пікірінен соң басталған.

Бас прокуратура бұған дейін сотқа шағымданып, сот Орунбеков Атамбаевқа “ар-намысын қорлағаны үшін” 2 миллион сом төлесін деген шешім шығарған. Журналист сот шешімімен келіспей, мұнша ақша төлей алмайтынын айтып, әр адамнан бір сом ақша жинай бастаған.

 

Талқылау