Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз президенттігіне кандидат Бабанов өзінің Назарбаевпен кездесуіне қатысты пікір білдірді (видео)

Қырғыз президенттігіне кандидат Өмірбек Бабанов өзінің Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуіне қатысты түсініктеме берді.

Бұл туралы K-News хабарлады.

Бішкекте өткізген баспасөз мәслихаты кезінде саясаткер сайлаушылардың провакацияға берілмеуін сұрады. Оның сөзінше бәсекелестері Бабановтың әрекетіне қатысты қолайсыз пікір қалыптастыруға тырысуда.

Соңғы күндердегі оқиғалар – Назарбаевпен кездесу, Оң-Адырдағы мәлімдеменің үзіп-жұлып жариялануы, кешегі Жоғарғы Кеңеш депутаты менің жақтасым Қанат Исаевтың ұсталуы – бәрі бір-бірімен байланысты. Ол адамдардың көздегені арандатушылық. Бәрін сабырға шақырғым келеді – біз эмоцияға берілмеуіміз керек. Не болса да барлық заң талаптарын сақтай отыра мен сайлауалды сайысты жалғастырамын”, – деді Бабанов.

Ол сайлаудың әділ өту керектігін де айтты.

“Жаңа президент әділ жолмен келуі тиіс. Кей арнайы қызмет өкілдерінің басшылары өздерінің криминалдық беделдерін пайдаланып жатыр. Криминалитеттердің кім үшін жүгіретіндерін білеміз, оған бүкіл Қырғыз халқы куә. Менің компаниямның қаржыландыруы ашық жүреді. Біз 200 млн сомдай ақша жұмсадық. Ал басқа бәсекелестер билборд, жарнама үшін ақшаны қайдан алды? Бір күн бизнеспен айналыспаған адамда ақша қайдан болады”, – деді Бабанов.

Бұған дейін Бабанов пен Қазақстан президенті Назарбаев Алматыда кездесіп, екіжақты мәселелерді талқылаған болатын. Кейін бұған орай Қырғызстан СІМ арнайы нота жолдап, қарсылық танытқан еді.

Оқи отырыңыз:

Австрияда бетперде мен паранжа киюге тыйым салынды

Шымкентте полицейден таяқ жеген қыздың өзіне қылмыстық іс қозғалды

Атырауда оқушы қызды зорлап өлтірген педофил ұзақ мерзімге сотталды

Түркияда жол апатынан зардап шеккендерге әлі санавиация жіберілмеген болып шықты

Талқылау