Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз парламенті жұма намаз кезіндегі түскі үзілісті созуды ұсынды

Қырғызстанның заң шығарушы органы жұма күнгі түскі ас уақытын сол сәтте болатын жұма намазына байланысты ұзартуды ұсынды.

ParlamentKirgizia-680x365

Сурет pro-kg.com

Бұл туралы ru.sputnik.kg хабарлайды.

“ҚР Еңбек кодексіне өзгерістер енгізу туралы” заң жобасы Жоғарғы Кеңеске жіберіліп, парламенттің ресми сайтында жарияланды.

Құжатты құрастырушылар халықтың 85 пайызы қазіргі таңда ислам дініне мойынсұнғаны, ал жұма намаз мұсылмандардың ең бір қасиетті парызы екенін айтты. Сондай-ақ, олар жұма намазға баратын кезде адамдар міндетті түрде жұмысын қалдырып, кешігіп келуге мәжбүр дейді. Бұл әрине, жұмыс беруші мен қызметкер арасында түсініспеушілік тудырады. Көптеген мекемелерде түскі ас уақыты 12.00-13.00 аралығында. Ал жұма намаз сағат 13.30-да басталып жарты сағатқа созылады.

“Сол себепті де Еңбек кодексіне түзетулер енгізіп, түскі ас уақытын 12.00-14.00 аралығы етіп жасау керек. Бірақ, артық қалған бір сағатты кешкі уақытта немесе басқа кезде өтеуді ұсынамыз”, – деді заң жобасын жасаушылардың бірі “Онугуу — Прогресс” фракциясының көшбасшысы Бақыт Торобаев.

Оның сөзінше, бұл заңның мектептер мен университеттерге қатысы болмауы тиіс.

Талқылау