Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз парламенті Қазақстанмен жасалған келісімнің күшін жойды

Қырғызстан парламенті (Жогорку кенеш) Қазақстанмен жасалған еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келісімнің күшін жою туралы заңды қабылдады.

120 депутаттың 105-і заң жобасын соңғы үшінші оқылымда қабылдауды мақұлдады, деп хабарлады Sputnik.

Келісімнің күшін жою туралы шешім қырғыз еліндегі президенттік сайлаудың алдында Бішкек пен Астана арасында туындаған дипломатиялық жанжалдан кейін қабылданған еді. Екі елдің басшылығы Қырғызстанның президенті Алмазбек Атамбаевтың қазақстандық билік туралы айтқан сөзінен кейін келіспей қалды.

Қазақстан биылғы жылы шілдеде Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы келісімді ратификациялаған болатын. Бұл қаражат Қырғызстанға Еуразия экономикалық одаққа қосылуына байланысты іс-шаралары жүзеге асыру үшін ұсынылды.

Талқылау