Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз оқушысы телефонды қуаттайтын ерекше қалпақ ойлап тапты

Жайлауда электр мәселесі қиын. Сол себепті телефонды да уақытылы қуаттап отыру оңайға түспейді. Осы мәселені 7-сынып оқушысы Рустам Мамазарип өзінше шешіп көруге тырысыпты.

8888

Бұл туралы “Ынтымақ” телеарнасы хабарлайды.

Ол екі функцияны қатар атқаратын ерекше қалпақ ойлап тауыпты. Қалпақ адамның басын күннен қорғайды әрі телефонды қуаттайды. Аппарат күннен энергия алатындықтан дала кезіп жүріп еркін селфи жасай беруге де болады.

Бір апта ішінде құрастырып шыққан өнертабысына оқушы “ғажайы-қалпақ” деген атау берген.

“Мен қалпаққа бекітілген күн батереясын пайдаландым. Батерея телефонмен USB-порт арқылы байланыстырылады. Ондай жағдайда телефонның қуаты бір күнге толықтай жетеді”, – дейді Рустам.

Оқи отырыңыз:

Түркияда Дональд Трамптан аумайтын адам табылды

29 жастағы келіншек ең жас батыр ана атанды

Порно фильмге түскені үшін жұмыстан қуылған мұғалім әйелдер құқығын қорғап арызданды

Әйел өз қызының 13 жасар жігітін зорлап тастады

Талқылау