Қырғыз азаматы әйелінің көзіне шөп салғанын жасыру үшін көңілдесін пышақтап өлтірді

Бейсенбі, 1 Желтоқсан , 2016 14:15

Қылмыстық оқиға Мәскеудің оңтүстік аймағында орын алған. Қырғызстанда дүниеге келген азамат өзінің 27 жастағы көңілдесін пышақтап өлтірді. Бұл әрекетке ол әйеліне жасаған опасыздығын жасыру үшін барған.

chp_Ubil_v93_vs

Ұлан Тіленбаев пен Нұрзат Исманованың соңғы кездесуі бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлады НТВ арнасы.

Видеодан 35 жастағы ер азаматтың өзінің көңілдесіне бірден тап бергенін көруге болады. Ол әйелдің кеудесінен және арқасынан бірнеше соққы жұмсаған. Өзінің сүйіктісіне сұғып алған пышақты ер адам мәйіттің қасына тастап, өзі оқиға орнынан ізін суытқан. Көп қан жоғалтқан әйел оқиға орнында жан тапсырды. Қырғыз азаматының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында күдікті азамат әйеліне опасыздық жасағанын жасыру мақсатында көңілдесін өлтіргенін мойындады. Ашынасы екеуі ұрысып қалғаннан кейін, Нұрзат Ұланның әйеліне бар шындықты жайып салатынын айтып қорқытқан. Тіленбаевтың әйелі балаларымен бірге Қырғызстанда қалған екен. Жұптың таныстарының айтуынша, қайтыс болған әйел қарым-қатынастарының шынайы екенінен үміттеніп жүрген. Ал Тіленбаевтың өз отбасын тастап кететін ойы болмаған.

Жіберіп алмаңыз:

Әуежайда жолаушы туфли тақасының ішіне 180 мың еуро жасырып өтпек болған

Әйелі тастап кеткен қырғыз жігіт сөмке тігіп, бүкіл әлемге саудалауда

БАҚ: Фидель Кастроның 35 мың әйелі болған

Өзбекстанда ажырасуға тыйым салынады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
6 күні 20 сағат кері

Обалы жоқ ((((

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар