Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз азаматы Ақтау тұрғынын 50 жерден пышақтап, өлтіріп кеткен

Танымаса да, өлтіріп кетті. Атырауда ақтаулық азамат 50 жерден пышақталып, қаза тапты. 39 жастағы Иван Грабовты о дүниеге аттандырған қырғыз елінің азаматы екен. Астрахандағы оқуының сессиясын ойдағыдай тапсырып, Атырауға жеткен Иван Грабов досы екеуі жүрек жалғамақ болып, вокзал маңындағы асханалардың біріне кірген. Бірақ алаңсыз тамақ ішіп отырған жігітті қырғыз азаматы әй-шәй жоқ, пышақтай жөнеліпті, деп хабарлады КТК арнасы.

Марқұм жұбайымен 13 жыл отасқан Лариса бақытты сәттерімнің бәрі артта қалды деп зар жылап отыр. Жұбайы 19 қараша күні Астраханнан Атырау арқылы үйге оралуы керек еді. Бірақ сессиясын аман-есен тапсырып, отбасыммен қауышам деген азамат үйіне өз аяғымен емес, табытпен оралды.

“Дәрігермен сөйлескен едім, ол күйеуімнің алған жарақаттан тірі қалуы мүмкін еместігін айтты. Бауыры мен өкпесі, тіпті бас сүйегі де езіліп кетіпті. Менің суреттерден көргенім, жауыз оны аңшылық пышағымен өлтірген”, – дейді марқұмның жары Лариса Грабова.

Оқиға жексенбі күні таңғы 5 жарымдар шамасында асханада болған. Үстелде досымен бірге тамақ ішіп, жайбарақат отырған Иванға күдікті келіп, әй-шайға қарамастан ту сыртынан пышақ салыпты. Оқиғаның көз ілеспес жылдамдықпен болғаны соншалықты, ешкім де көмекке келіп үлгермеген.

“Ол әдейі өлтіретін адам іздеген секілді. Өзімен пышақ алып жүрген. Менің ойымша, ол гипноздың әсерінде болған немесе психикалық ауытқуы бар адам. Неге олардың кесірінен басқалар зардап шегуі тиіс?Мені күйеуімнен, балаларымды әкесінен айырды”, – дейді Лариса Грабова.

Иван Грабов жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері келгенше қайтыс болған. Ал, күдіктіні полицейлер сол маңдағы бейнебақылау камераларының бірі арқылы тауыпты. Қазір қырғыз елімінің азаматы тергеу абақтысында отыр.

“Жалпы сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары ҚР ҚК-нің 99 бабы, 2-бөлігі, яғни қасақан кісі өлтіру фактісі бойынша жүріп жатыр”, – дейді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Назымгүл Қайсағалиева.

Ал қазір осы іске қатысты түрлі сараптама тағайындалған. Күдіктінің ақыл-есінің дұрыстығы да осы тексерістерден кейін белгілі болмақ. Егер кінәсі дәлелденіп жатса, 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде есірткі шегіп алған КамАЗ жүргізушісі әйелді басып кетті

Ақтауда ер адам көршілерін айыптап хат қалдырып өзіне қол салған

Алматыда бүлдіршінді қағып өлтірген шопыр бірінші көлігінің сыртын тексеріп әуреленген

БҚО-да бір мектептің 22 оқушысы бірдей ауруханаға түсті

Талқылау