Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қырғыстанның министрінің орынбасары “Эйр Астана” бортында жанжал шығарғаны үшін қызметінен босатылды

Еңбек және әлеуметтік дамуминистрінің орынбасары Зууракан Каденова өз қызметінен бостылды. Бұл туралы шешімді Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Мұхаммедқалый Әбілғазиев қабылдады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Осыған дейін БАҚ-та 22 қыркүйек күні еңбек және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Зууракан Каденованың  Сеул әуежайында жанжал шығарғаны үшін рейстен алынғаны айтылған еді. Бұл ақпаратты Корея Республикасында орналасқан Қырғызстанның елшілігі растады.

“Елшіліктің мәліметінше, Қырғызстанның азаматшасы әуежайдың талаптарын орындаудан бас тартты. “Эйр Астана” авиакомпаниясы мен әуежайдың өкілдері оны рейстен алып тастау туралы шешім шығарды”, — деп жазылды хабарламада.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр