Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыран тырнағымен бүріп алып баланы ұрлап кете жаздады

Австралияның жабайы табиғатында түсіріліп жатқан шоу кезінде, қыран құс баланы ұрлап кетуге талпынған.

1468328639_orel-pytaetsya-pohitit-malchika-vo-vremya-semki-shou-o-hischnyh-pticah

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.

Ақ құйрықты бүркіт тырнағын баланың басына қадап, оны өзімен бірге алып ұшып кетпекші болған. Бала бұдан соң өте қатты дауыспен жылаған. Қуанышқа орай, оған тек елеусіз ғана жарақаттар түсіпті.

“Біз және Alice Springs Desert Park қызметкерлері түсірілім жасап жатқанда кенет кадрға үлкен құс кіріп кетті. ол бізге қарай бұрылды да, өзінің құрбандығы ретінде кішкентай баланы таңдап алды”, – дейді куәгерлердің бірі Кристин О Коннелл.

1468328618_orel-pytaetsya-pohitit-malchika-vo-vremya-semki-shou-o-hischnyh-pticah-1

Құсты көргендердің бірі оператор Кинан Лукас. Ол осы оқиғаның кесірінен түсірілімнің тоқтап қалғанына реніш білдірген.

Талқылау